Сонымен, елдің 47-ші басшысы белгілі болады сауалға да нүкте қойылатын болады. Алдын ала зерттеулерге қарағанда, Дональд Трамп Камала Харристен алда келе жатыр. Әрине, толық шешім шығаруға әлі ерте. Сарапшылар белсенділік жоғары, биылғы сайлаудың жөні бөлек деген пікірді алға тартады. Дәл осы сағатқа дейін 12 штаттағы 90 млн.ға жуық америкалықтардың белсенді дауы беруге қатысқанын айта кетуге болады. Сарапшылар АҚШ тағы демократияға төнген қауіппен қатар, елдің мүшкіл экономикалық ахуалы дауыс берушілерді алаңдатып отыр дегенді алға тартады. Енді бүгін түнде кімнің жеңіске жеткені белгілі болады. 


фото ашық дереккөздерден алынды