«Тікұшақ экипажы құтқару күртешесін киіп, термоконтейнерге жабысып алған ер адамды емдеу үшін Тампа ауруханасына жеткізді», - делінген қызмет хабарламасында.

Құтқару операциясы кезінде зардап шеккен ер адам – балық аулайтын кеменің капитаны Лонгбоут-Ки қаласынан 48 шақырым жерде болған.

3-санаттағы «Милтон» дауылы Флорида штатының батыс жағалауына сәрсенбі күні кешке Сиеста-Ки қаласы маңында жетті. Бейсенбі күні таңертең дауыл бірінші санатқа дейін бәсеңсіді.

PowerOutage мониторинг ресурсының мәліметінше, штаттың 2,7 миллионнан астам тұрғыны жарықсыз отыр. Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан кемінде 14 адам қаза тапқан.