АҚШ президенттігіне үміткер Камала Харрис пен Дональд Трамп штаттарда сайлаушылармен кездесуін аяқтады. Алдын – ала дайындалған сауалнама қорытындысы бойынша қос кандидат тең келеді. Әрине, ендігісін, шешуші кезеңді АҚШ халқы бүгін күтеді. Осы орайда, БАҚ Вашингтонда қауіпсіздік шараларының күшейтілгендігін айтады. Ақ үй және басқа да ірі саяси орталықтарды құпия қызметтің агенттері тартылған. Президент сайлауы Орталық Азия, Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін дегенді алға тартады сарапшылар. Олардың ойынша, Ресей мен Украин арасындағы қақтығыстардың да хронологиялық шарықтау шегіне нүкте қойылуы мүмкін. Қалай болғанда да, алпауыт елді алдағы 4 жылда кім басқаруы мүмкін деген сұрақ күн тәртібіне шығып отыр.
фото ашық дереккөздерден алынды